Бюджеттен бөлінген ақшаны мұғалімдерге төлемегендерге қатаң шара қолданылады – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің қосымша қаржысына қатысты сауалға жауап берді.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында мұғалімдер кезекші сынып оқытып, қосымша ақшаларын ала алмай жүр. Аудандық білім бөлімі мектеп директоры тиісті тариф толтырмаған дейді. Енді мұғалімдер кезекші сынып оқытқаны үшін берілетін ақшаны қыркүйектен бері ала алмай келеді. Бұған енді кім жауап береді? – деген сауал жолданды.
Нақты қай мектеп екені белгілі болса, әрине оны жіті бақылауға алып, бұл мәселені шешеміз. Сондай-ақ, мұндай мәселелер пайда болса, біз тез арада шара қолданамыз. Жуырда ғана осы бойынша БАҚ-қа ақпарат бердік. 16 әртүрлі білім бөлімдерінің мамандарын, білім бөлімдерінің басшыларын, мектеп басшыларын жалақының уақытылы төленбегені үшін жазаладық. Мемлекет бюджеттен бөліп берген ақшаны жұмыс істеген әріптестерімізге жеткізбеу деген ойға қонымсыз мәселе. Осындай мәселелерге қатаң шаралар қолданылуда. Бұл мәселені өз бақылауымызға алып, өзім айналысатын боламын, - деп түсіндірді министр брифингте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талдықорғанда егде жастағы әйелді тонаған күдіктіні ұстады
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы