Бюджетке 30 триллион теңге кем түскен. Тоқаев салық түсімдері жайлы

Салық жеңілдіктері көп болғандықтан соңғы бес жылда бюджетке 30 триллион теңге кем түскен. Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Макроэкономикалық саясатты өте байыпты жүргізу керек. Бюджет тапшылығын, мемлекет қарызын, Ұлттық қордан аударылатын трансфертті және басқа да макрокөрсеткіштерді реттеу қажет. Иә, экономикамыз өсіп жатыр, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуына қарағанда салық түсімдерінің ішкі жалпы өнімге қатысты өсу қарқыны – тұрақсыз.

Кейбір мамандар «Салық жеңілдіктері өте көп болған соң, түсім азайып жатыр» дейді. Бұдан басқа да себептер айтылады. Жалпы, соңғы бес жылда бюджетке 30 триллион теңге кем түскен. Әрине бұл цифрдың дұрыс-бұрыстығын тексеру қажет. Талай жылдан бері жалғасып келе жатқан осы мәселені түпкілікті шешетін уақыт жетті, - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент сөзден іске көшетін уақыттың келгенін айтып, айлықтың жартысы азық-түлікке кететінін айтқан еді. Сонымен қатар, Президент мемлекеттің өнім өңдеуге беретін субсидиясын басқа мақсатқа қолданатындарды сынға алған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы