Бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 0,9%-ға дейін қысқарады

Үкімет Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды шектеу және шығындарды бақылауды күшейту арқылы инфляцияны тежеуге ниетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол үшін бюджеттік ережелердің қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі. Бюджет тапшылығын 2028 жылы жалпы ішкі өнімге 0,9%-ға дейін, ал мұнайға қатысты емес тапшылықты жалпы ішкі өнімге 2,7%-ға дейін қысқарту жоспарлануда. Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге 26%-дан аспайтын тұрақты деңгейде сақталатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы