Бюджет қаражатын ұрлаған мектеп есепшілері 3 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өзінің жұмыс нәтижесі туралы айтып берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Павлодар облысы бойынша департаменті өзін "Агенттіктің қызметкерімін" деп таныстырған Екібастұз қаласының тұрғыны ұстады. Алаяқ келесі схема бойынша әрекет еткен. Ол азаматтың сеніміне кіріп, оған қатысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс тіркелді немесе тексеру жүргізіліп жатыр деп хабарлайды. Кейін мәселені шешіп, қылмыстық қудалауды тоқтатып, жәрдемдесуге дайын екенін айтады. Қылмыстық істі тоқтату үшін оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне пара беру үшін 300 000 теңге беруді талап еткен. Осылайша ол билік институттарына сенімсіздік тудырып, мемлекетке зиян келтірген, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-бөлім тергеушісі Қайсар Баржақсынов.
Оның сөзінше, егер осы алаяқтың іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, келесі телефондар арқылы хабарласуына болады: 8 (7182) 37-85-86 және 37-85-87.
Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұдан бұрын ШҚО Семей қаласының "27 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бас бухгалтері Абдувалиеваға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Ол 3,2 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын заңсыз өзінің карточкалық шотына аудару жолымен жымқырды деп күдіктелген. 2020 жылғы 20 ақпанда Семей қаласы №2 сотының үкімімен Әбдуәлиева сотталып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, - деді агенттік тергеушісі.
Оның мәліметі бойынша, Семей қаласындағы тағы бір мектептің бас есепшісіне қатысты үкім шықты.
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұдан бұрын ШҚО Семей қаласының "49 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бас бухгалтері Жүнісоваға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Ол 2018-2019 жылдар аралығында өзінің карточкалық шотына заңсыз аудару жолымен 3,5 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелген. Семей қаласының № 2 сотының үкімімен 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деді Қайсар Баржақсынов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мамин "Samruk Business Forum" шарасына қатысты
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы