Бюджет қаражаты 61 млрд теңгеге атқарылмады – Жамаубаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік бюджет шығыстары 97,9%-ға, республикалық 98,9%-ке, жергілікті бюджет 97,2%-ға атқарылды. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Ерулан Жамаубаев атты. 

Республикалық бюджеттің шығыстары есепті кезеңде  5 трлн 620 млрд теңгені құрады.Бюджет қаражаты 61 млрд теңгеге атқарылмады, оның 15 млрд теңгесі үнемдеу болды. Игерілмеу сомасы 46 млрд теңгені құрады, - деді министр. 
Министр игерілмеудің ең ірі сомалары тіркелген орталық мемлекеттік органдарды тізіп берді.

Ұлттық экономика министрлігі – 7,3 млрд теңге; Ішкі істер министрлігі – 6,4 млрд теңге; Денсаулық сақтау министрлігі – 4,8 млрд теңге; Жоғарғы Сот – 4,5 млрд теңге; Қорғаныс министрлігі – 4,2 млрд теңге. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ және уақтылы өткізбеу, нақты көрсетілген қызметтер, атқарылған жұмыстар көлеміне төлеу, шарттарды жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, төлем бойынша құжаттарды ұзақ мерзімді келісу, - деп атап өтті Ерулан Жамаубаев. 
Сондай-ақ министр жергілікті бюджеттердің шығыстары 2 трлн 606 млрд теңгені құрағанын айтты. 

75 млрд теңге орындалмады. Биыл өңірлерге 2 трлн 317 млрд теңге нысаналы трансферттер қарастырылған. Алдын ала деректер бойынша оларға 671 млрд теңге бөлінді. Оның 96%-і немесе 643 млрд теңгесі игерілді. Орындалмау сомасы 28 млрд теңгені құрады. Оның 8 млрд теңгесі бюджет қаражатын үнемдеу болса, ал 20 млрд теңгесі игерілмеді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы