Былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды - Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте айтты.

Бірнеше айдың ішінде жаңа инфекциялық ауруханалар салынды, қажетті құрал-жабдық сатып алынды, дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Медицина қызметкерлерін де оқыттық. Енді, осының бәрін дұрыс әрі тиімді пайдалану керек, - деді Мемлекет басшысы.

Президент былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайтынын жеткізді.

Денсаулық сақтау жүйесінің бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Өкінішке қарай, осы мәселеде олқылықтар бар, - деп атап өтті Тоқаев.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірдегі денсаулық сақтау нысандары тексерілді.

Менің тапсырмам бойынша өңірдегі денсаулық сақтау нысандары тексерілді. Оның нәтижесі көңіл көншітпейді. Жаңадан салынған модульді жұқпалы аурулар орталықтары ғана стандарттарға сай келеді, - деп жазды Ақордының Twitter-дегі парақшасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізетіні туралы хабарланған болатын. Жиынға Премьер-министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы