Былтырғы ажиотаж қайталана ма немесе жазда қант қаншадан сатылады
Биыл қант қанша теңгеден сатылатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
АШМ Агроөнеркәсіптік нарық және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу департаментінің директоры Қанат Жауымбаев қанттың бағасын болжам жасады.
Болжам жасау, әрине, нақты болмайды. Бірақ быртырғы сценарий қалыптаспауы үшін бірқатар шара қабылданды. Біз қантты кіргізудің квотасын 350 тоннадан 450 тоннаға арттырдық. Қазақстанның жылдық сұранысы 550 мың тоннаны құрайды. Ресейдің өзі тауарлық баланс келісімшарты аясында Қазақстанға тауарды жеткізу көлемін 150-ден 270 тоннаға арттырды, - деп айтты Қанат Жауымбаев.
Оның айтуына қарағанда, қант зауыттарына биыл өнімділік 43 млрд шегінде қойылған.
Қант зауыттарымен оны жеке талқылаймыз. Бұл өткен жылғыдай бағаның өзгермеуіне әсер етеді, - деді Жауымбаев дөңгелек үстелде.
Сауда және интеграция министрлігінің өкілі Самат Теңбаев қант сұранысы мен оның бағасының тұрақтылығы қамтамасыз етілетінін айтты.
Нарықтағы өткізу бағасы 400-460 теңге болады деп болжанып отыр, - деді Теңбаев.