Былтыр Жамбыл облысында 19 медициналық нысан пайдалануға берілді

Жамбыл облысында 2023 жылы 3,2 миллиард теңгеге 24 медициналық нысанның құрылы жүргізіліп, оның 10-ы (1,7 миллиард теңге) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды. Жыл қорытындысымен 19 нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1,5 миллиард теңгеге 11 нысан күрделі жөндеуден өтті.

Өткен жылдың басында құны 14,1 миллиард теңгені құрайтын облыстық онкологиялық диспансер ашылды. Сондай-ақ Меркі ауданында гинекология, ЦСО, инфекциялық, балалар, қабылдау бөлімшелерін қайта құру жобасы іске асырылды. Ал, Байзақ ауданы Абай ауылында 20 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория, Байзақ ауылында 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жуалы аудандық ауруханасының негізгі ғимараттарына қосымша құрылыс жүргізілді. Шу қаласындағы емхана ғимараты қайта жаңартудан өтіп, Төле би ауылында 48 орындық балаларды оңалту орталығы ашылды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдар аралығында облыста 30 нысанның (2023 жыл 10 нысан, 2024 жылы 20 нысан) құрылысын жүргізу жоспарланған, - деп жазылған мәліметте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы