Былтыр скрининг арқылы 304 мың дерт анықталды - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметі Тұңғыш президент - Елбасының былтырғы жолдауында айтылған тапсырмалары және Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық саланы цифрландыру бағыттары бойынша жұмыс істеді. 

Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

"Халықтың денсаулығын нығайту мақсатында елімізде Ұлттық скриниг бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл - ересек тұрғындар мен балаларды экспресс зерттеудің 7 түрі. Былтыр 7 миллион адамды қамтыған 12 миллионнан астам зерттеу жұмыстары жүргізілді. 304 мың дерт анықталып, 260 мың адам тіркеуге алынды", - дейді Елжан Біртанов.

Елбасының тапсырмасы бойынша қоғамдық денсаулықты басқару бойынша шаралар жоспары қабылданып, оқушылардың денсаулығын қорғау бойынша жаңа стандарттар енгізілді.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі халыққа есеп бергенін жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы