Былтыр санитарлық авиация 300-ге жуық адамды құтқарған

Санитарлық авиация желісі бойынша «Қазавиақұтқару» әуе кемелерімен 2023 жылы 276 адам тасымалданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ авиациясының баспасөз хатшысы Алмаз Ғабдуллин мәлім етті.

Әуе кемелері өмірлік маңызды көмек пен ауыр жағдайларда шұғыл медициналық эвакуациялауды қамтамасыз етті.

Құтқарушылар тобы медицина қызметкерлерімен бірлесіп 12 консультация жүргізіп, уақтылы және құзыретті медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, 21 ота жасады. 49 адам төтенше жағдай орындарынан сәтті эвакуацияланып, авиациялық команданың жоғары біліктілігі мен шеберлігін көрсеткенін айта кеткен жөн.

Бұл жетістіктер ТЖМ авиациясының Қазақстан аумағында қауіпсіздік пен медициналық көмекті қамтамасыз етуде маңызды және қажет екенін көрсетеді. «Қазавиақұтқару» ТЖМ авиациясы қоғамға қызмет ету мүмкіндігін мақтан тұтады және ең қиын жағдайларда медициналық көмек пен өмірді құтқаруды қамтамасыз етудегі маңызды миссиясын жалғастырады, – деп «Қазавиақұтқару» ТЖМ авиациясының бас директоры Дәулет Мәмеков атап өтті.

Қазіргі уақытта «Қазавиақұтқару» әуе паркінде 30 әуе кемесі бар. Өткен 2023 жылы 2 305 ұшу жасалды, әуе кемелерінің ұшуы шамамен 5 500 сағатты құрады. ТЖМ желісі бойынша-986 ұшу жасалды, әуе кемелерінің ұшуы шамамен 2500 сағатты құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ авиациясының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы