Былтыр қанша директор ротацияға ілінді

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ғани Бейсембаев былтыр қанша директор ротацияға ілінгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол өз сөзінде «Мұғалім» кәсіби стандарты бекітілгеніне тоқталды.

Аттестация рәсімін жетілдіру мақсатында 30 жыл педагогикалық өтілі бар және зейнеткерлік жасқа дейінгі мұғалімдер тестілеуден босатылады. Мұғалімдерді тестілеудің шекті деңгейі 50%-ға төмендетілді. Мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды, - деп айтты Ғани Бейсембаев кеңейтілген алқа отырысында.

Министр атап өткендей, 2022 жылдан бастап мұғалімдерді жұмысқа орналастыру конкурстық негізде жүзеге асырылады.  Министрлік ақпараттық жүйе негізінде мұғалімдерді жұмысқа орналастыру үшін құжаттарды қабылдау пилоттық жобасын іске қосты.

Сонымен қатар Ғани Бейсембаев директорларды ротациялау мәселесіне тоқталды.

Былтырдан бастап білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау тәжірибесі енгізілді. Бүгінгі таңда 961 (81,5%) басшы ротацияланды. Оның ішінде 514 мектеп директоры және 447 балабақша директоры, - деп мәлімет берді Ғани Бейсембаев кеңейтілген алқа отырысында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы