Былтыр өрттен келген шығын 6 млрд теңгеден асқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысындай айтты. 

Жыл сайын елімізде 800-ден астам орман өрті тіркеледі. Былтыр орман қорында 751 өрт болды. 167 мың гектар жер өртеніп кетті. Шығын көлемі 6,7 млрд теңге болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ең көп өрт ШҚО-да (194) тіркелді. Ал биылғы жылдың да көрсеткіші көңіл көншітпейді. Жыл басынан бері 41 өрт тіркелді, - деді ол. 

Ильин айтқандай, өртке қауіптілігі жоғары өңірлерге оңтүстік-шығыс аймақтары жатады. 

Бұл өңірлерде жауын-шашын мөлшері төмен және ауа температурасы +40 градусқа жетуі мүмкін. Әрине, бұл көрсеткіштер өрттің пайда болуы қаупін арттырады. Қазір министрлік өңірлерде өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ұлттық парктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен авиабақылау жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Ауыл қожалықтарының иелеріне өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруда, - деді Юрий Ильин. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы