Былтыр мемлекеттік бюджетке 4,1 трлн теңге кедендік төлемдер мен салықтар түскен

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша 4 081 млрд теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар түсті . 2021 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 78 пайызға ұлғайды. Ал, 2022 жылмен салыстырғанда 18 пайызға жетті, - деді Саудабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның сөзінше, 2023 жылы экспорттық кедендік алымдарды есепке алмағанда кедендік төлемдер мен салықтар 2 401 млрд теңге түсті.

2021 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 92 пайызға, ал 2022 жылмен салыстырғанда 34 пайызға өсті. Кедендік әкімшілендіру шаралары есебінен бюджетке қосымша –149,6 млрд теңге өндірілді, - дейді Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы