Былтыр медициналық сақтандыру қорына елордалықтардан 4 мыңнан астам шағым түскен
Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елордалық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалына 2022 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында 7751 өтініш түскен. Оның ішінде: шағымдар - 4348, жеңілдігі бар санат бойынша уақытша сақтандырылған мәртебесін беру бойынша - 2667; шағын және орта бизнес үшін сақтандыру мәртебесін түзету бойынша – 208; алғыс - 530. Барлық шағымдар Қор Басқармасының шешімімен бекітілген Медициналық қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес қаралды, - делінген қор таратқан хабарламада.
Медициналық сақтандыру қорының негізгі басымдықтарының бірі – пациент құқығын қорғау. Сол себепті тұрғындар медициналық көмек алу кезінде құқықтары бұзылған жағдайда Қорға жазып, хабарласады. Түскен шағым-өтініштер ерекше бақылауда болады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша, 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында астаналықтардан 7751 өтініш түсіп, халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі олардың бәрін қарады. Олардың ішінде:
• Шағымдар: 4348;
• Жеңілдігі бар санат бойынша уақытша сақтандырылған мәртебесін беру бойынша - 2667;
• Шағын және орта бизнес үшін сақтандыру мәртебесін түзету бойынша – 208;
• Алғыс: 530.
Көбінесе азаматтар медициналық қызметтердің қолжетімсіздігіне шағымданатыны белгілі болды.
Атап айтқанда, салалық бейінді мамандар, диагностикалық қызметтер, учаскелік қызметтің (жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт-дәрігер, педиатр қабылдауын ұзақ күту, жедел жәрдем бригадасын ұзақ күту (31,8%). Екінші орында – медициналық көмек сапасының төмендігі (30,4%). Сондай-ақ, медициналық көмек көрсетуден бас тарту (5,3%), медициналық көмекті ұйымдастыру (4,9%), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден бас тарту (4,3%), медициналық әдеп/этика мен деонтологияның бұзылуы (4,3%), көрсетілмеген қызметтер бойынша жалған жазбалар – медициналық ұйымның ақпараттық жүйелеріндегі сенімсіз ақпарат (3%). Шағымдар негізінде былтыр 200-ден аса жоспардан тыс мониторинг жүргізілді. Жүргізілген жоспардан тыс мониторинг нәтижелері бойынша 155 кемшілік анықталды, - деп атап өтті филиал директоры Н. Қабдықапаров.
Айта кетерлігі, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары әрбір шағым бойынша жоспардан тыс мониторинг жүргізеді және оның қорытындысы бойынша бұрмалаулар расталған жағдайда айыппұл санкциялары қарастырылады.
Барлық шағымдар Қор Басқармасының шешімімен бекітілген (23.09.2022 ж. № 32 хаттама) Медициналық қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес, кері байланыс арқылы қаралды.
Қормен ТМККК және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасай отырып, медициналық ұйым халыққа сапалы медициналық көмек көрсету және оның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өзіне алады. Қызмет жеткізушіге қойылатын бұл талаптар шартта жеке тармақпен белгіленген және олардың орындалуы Қор тарапынан бақыланады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттердің құқықтарын қалай қорғайды:
•Ішкі аудит және сапаны бақылау қызметтері немесе пациенттерді колдау қызметтері арқылы
• Бүгінде олар әр емханада бар.
Медициналық қызметкерлер тарапынан қандай да бір мәселе туындаған немесе түсінбеушілікке тап болған әрбір пациент сол жерден көмек сұрап, өз проблемасын шеше алады.
• Егер емханада мұндай қызмет болмаса, сіз тікелей бас дәрігердің орынбасарына жүгіне аласыз.