Былтыр медицина саласының 1700-ге жуық қызметкері кәсіби дағдыларды игерді

ҚР ПІБ Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы (МТАЖО) түрлі саланың 3200-ден астам кәсіби маманына жаңа дағдыларды оқытса, олардың ішінде 1700-ге жуығы – медицина қызметкерлері, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орталық Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына ведомстволық бағынышты ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық құрылымдар үшін білім беру және HR бойынша негізгі серіктес ретінде өз позициясын күшейтіп, кадр оқыту және олардың әлеуетін дамыту бойынша заманауи тәсілдерді қолданысқа енгізді.

Жыл ішінде 90-ға жуық оқу шарасы өткізілсе, олардың жартысынан астамы медициналық ұйымдардың жұмысшыларына арналды.

Медициналық блок: сапалы нәтижелер және оқудың жаңа тәсілдері

Медицина ұйымдарының қызметкерлерін оқыту МТАЖО жұмысының басым бағытына айналды. 2024 жылы 46 оқу шарасы өткізілсе, басты тақырыптар қатарында шұғыл көмек көрсету, медициналық мекемелердің жұмыс тиімділігін арттыру, диагностиканы жаңа әдістері және басқалар болды.

Қатысу көрсеткіші жоспардан 20%-ға артық болса, тыңдаушылардың қанағаттану деңгейі 97%-ға жетті.

Оқу блогы: модульді бағдарламалар

Білім беру бағдарламаларының аясында Орталық 77 тақырып бойынша 37 модульді курс өткізіп, оларға түрлі ұйымдардан келген 1300 адам қатысты. Олардың арасында кадр қызметкерлері, IT саласының мамандары, заңгерлер, сатып алу мамандары және басқа кәсіби қызметкерлер болды.

Орталық 20 авторлық оқу бағдарламасын әзірлеп, тіркеуден өткізді. Бұл орталықтың сарапшылық қызметінің жоғары деңгейін растайды.

2025 жылы Орталық кәсіби және жеңе дағдыларды дамытуға айрықша назар бөледі. Тақырыптар қатарында: «Киберқауіпсіздік: қалай алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға болады», «Кайдзен қағидасы: 5S технологиясы», «Жасанды интеллектімен жұмыс», «Медиа жоспарлау: бизнес міндеттерден медиа шешімдерге дейін», «Бұқара алдында сөз сөйлеу және ораторлық шеберлік дағдылары» және өзге де көптеген басқа тақырыптар бар.

HR бағыт

МТАЖО медицина және өзге салалардағы кадр әлеуетінің тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, инновациялық білім беру және HR жобаларды ендіруде жалғастыруда.

2024 жылы МТАЖО ПІБ ведомстволық бағынышты ұйымдар үшін келесі HR жобаларды жүзеге асырды:

  1. Нәтижелілікті басқар тәжірибесін енгізу (ТНК);
  2. Құзыреттердің корпоративтік моделін енгізу;
  3. Жұмыс берушінің құндылықтық ұсынысын енгізу;
  4. Корпоративтік мәдениетті диагностикалау және дамыту;
  5. Кадр әлеуетін басқару (Кадр әлеуетін басқаруың предиктивті жүйесін енгізу, Персонал ротациясы бағдарламаларын әзірлеу және енгізу).

Бұл жобалар жұмыс тиімділігін жақсартуға және тартымды жұмыс ортасын құруға бағытталған. Олар, сондай-ақ, жұмысшылар ынтасының жоғары деңгейін, олардың кәсіби дағдыларын дамытуда және ведомстволық бағынышты ұйымдардың стратегиялық мақсаттарын қолдауды қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ПІБ Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы
Өзгелердің жаңалығы