Былтыр Маңғыстауда 110 шақырым жол салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында 2020 жылы 110 шақырым жол салынды және 270 шақырымдай жол орташа жөндеуден өткен. Бұл туралы облыс басшысының есеп беру кездесуінде айтылды.
Атап айтқанда, «Ата жолының» 1 және 2-кезеңдері аяқталды. Бейнеу селосы мен Маңғыстау ауданына қарасты Сайөтес ауылдарында жолдар салынды. «Шетпе-Қызан» автокөлік жолына көпір тұрғызылды. Атамекен ауылында, Баутино селосы мен Аташ кентінде автомобиль жолы төселді. Бұл ауылдарда осы уақытқа дейін мүлдем асфальт жол болмаған. Сонымен қатар, аймақтағы 20-ға жуық ауылішілік жол жөндеуден өтті.Бұдан басқа, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 7,8 млрд теңге бөлінді. Осылайша, 30 жоба іске асырылып, 1 382 адам жұмысқа орналастырылды. 2020 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бейнеу, Ақшұқыр, Қызылтөбе, Баянды және Басқұдық ауылдарында 46,1 шақырым жол салынып, 47,4 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында да тозығы жеткен біраз жолдарды жаңартуға мүмкіндік алдық. «Құрық-Жетібай» автожолын күрделі жөндеуден өткізу мәселесі де шешімін табатын болды. Қазір жұмыстарды жүргізетін мердігер мекеме анықталды, - деді аймақ басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әскери қызметкерлер наурыз айында вакцина салдырады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы