Былтыр Маңғыстау облысында 23 мыңнан астам сәби дүниеге келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 730 мыңдай тұрғыны бар облыста 2021 жылы 23 мың 173 бала дүниеге келді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1368 балаға артық. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылы 21 мың 805 бала туылған. Мұндағы пайыздық көрсеткіш 6,3%-ға өскен.
Департамент баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, былтыр ер бала көбірек туылған. 2021 жылы 11 841 ер бала, 11 332 қыз бала дүниеге келген.
Айта кетейік, бала туу көрсеткіші бойынша Маңғыстау облысы республикада көш бастап тұр.
Сондай-ақ өткен жылы маңғыстаулықтар жаңа туған сәбилеріне Алихан, Айсұлтан, Әмір есімдерін көбірек берген. Ал қыздар арасында Медина, Айзере және Айлин топ-3 танымал есімдеріне кірді.
Статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы Маңғыстауда 50 жастағы әйел кезекті сәбиін дүниеге әкелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Былтыр 165 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы