Былтыр бюджеттен қанша млрд теңге тиімсіз жұмсалған? – Жоғары аудит жауабы

Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Нұрлан Нұржанов былтыр 537 млрд теңге болатын мемлекет қаржысы орынсыз жұмсалғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нұржанов Үкіметтің деректері мен барлық мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы жүргізген тексерулердің нәтижесіне сәйкес тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 2022 жылмен салыстырғанда 16%-ға ұлғайғанын айтты.

Нәтижесінде 489 млрд теңге болған. Былтыр жарты триллион теңге тиімсіз жұмсалған. Бұдан бөлек, Жоғары аудиторлық палата республикалық бюджеттің атқарылуына жүргізілген кейінгі бағалау нәтижесі бойынша бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану, сондай-ақ 537 млрд теңгеге бюджет бағдарламаларын тиімсіз басқару болғанын анықтады, - деді ол Мәжілісте "2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы" өткен жиында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев - архив
Өзгелердің жаңалығы