Былтыр банкомат арқылы 25,4 трлн теңге шешіп алынды
Қазақстандықтар 2024 жылы банкомат арқылы 25,4 трлн теңге қолма-қол ақша шешкен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл деректер Қаржышылар Ассоциациясының шолуында келтірілді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша елдегі қолма-қол ақшасыз карталық транзакциялар көлемі рекордтық деңгейге жетіп, 165 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға өсті.
Бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің 123%-ын құрап, экономикада қолма-қол ақшасыз төлемдердің одан әрі таралуын көрсетеді. Қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуіне макроэкономикалық жағдайдың қолайлы болуы, бөлшек және көтерме сауданың өсуі, экономиканың белсенді цифрландырылуы, сауда кәсіпорындарының санының артуы және POS-терминалдар желісінің кеңеюі сияқты факторлар әсер еткендігі айтылады.
Сонымен қатар, Қаржышылар Ассоциациясының хабарлауынша, сәуір айындағы Brent фьючерстерінің бағасы жұма күні 0,5%-ға көтеріліп, баррель үшін 74,7 доллар болды. Бұл Иранға қарсы санкциялардың күшеюімен тікелей байланысты. Таяуда АҚШ Қаржы министрлігі Иран мұнайын Қытайға жеткізуге қатысы бар азаматтар, компаниялар мен кемелерге санкциялар енгізді, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, АҚШ президентінің Ресей-Украина соғысын реттеу бойынша арнайы өкілі Кит Келлог Дональд Трамптың Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге дайын екенін және Украинадағы қақтығысты аяқтау үшін бұл шараларды қолдануға болатынын айтқан болатын.