Былтыр әйелдер вагонын 161 мыңға жуық жолаушы пайдаланған

2023 жылы әйелдерге арналған вагондарды 161 мыңға жуық жолаушы пайдаланған. 2022 жылы бұл вагондармен 114 мыңнан астам адам жол жүрген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Әйелдерге арналған вагондар» қызметі енгізілген сәттен бастап 2021 жылдың 3 айы ішінде - 13 мыңнан астам жолаушы саяхаттады. Осылайша әйелдердің қауіпсіз саяхаттауын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген қызметтің жолаушылар арасында сұранысы артып келеді, - деп жазылған «Жолаушылар тасымалы» АҚ таратқан мәліметте.

Бүгінгі таңда әйелдерге арналған вагондар 8 жолаушылар пойызының құрамында жүреді:

- №77/78 "Алматы-Маңғыстау"№07 купе вагоны;

- №351/352 "Алматы-Өскемен" №10 купе вагоны;

- №45/46 "Павлодар-Түркістан" №09 купе вагоны;

- №37/38 "Маңғыстау-Семей" №06 купе вагоны;

- №47/48 "Атырау-Астана" №06 купе вагоны;

- №33/34 "Ақтөбе-Алматы-1" № 06 купе вагоны;

- №4/3 "Астана-Алматы-2" № 17 купе вагоны;

- №71/72 "Астана-Шымкент" №10 купе вагоны.

Айта кетейік, бұл вагондарға отырған әйел-жолаушыларға жеті жасқа дейінгі ұл балаларды алып жүруге рұқсат етілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы