Былтыр 701 орман өрті тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы 2020 жылы атқарылған жұмыстың қорытындылары туралы министрліктің алқа отырысында айтып берді.

Вице-министр баяндағандай, 2019 жылмен салыстырғанда орманды алқап 188 мың гектарға ұлғайғанымен, ормандарды көбейтудің жоспарлы көрсеткіші орындалмады. 

Жоспарланған 54,4 мың га-ның іс жүзінде 51,3 мың га-сы орындалды.

Мемлекет басшысының орман қорында 5 жыл ішінде 2 млрд түп ағаш отырғызу тапсырмасын орындау аясында облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлер бойынша ормандарды көбейту мен орман өсірудің кешенді жоспарлары әзірленді. Ағаш өсірудің ауқымды көлемі Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Семей орманы аумақтарында қол жеткізіледі, - деп атап өтті Нысанбаев.

Көрсетілген шаралар 2030 жылға қарай елдің орманды алқаптарын 5%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.

2020 жылы еліміздегі орман қоры аумағында 48,1 мың гектарды қамтыған орман өрттерінің 701 оқиғасы тіркелді. Орман өрттерінің ауқымды алқаптары Жамбыл, ШҚО, Түркістан, БҚО, Павлодар облыстарында және Семей орманы аумағында тіркелді, - деді ол алқа отырысында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы