Былтыр 450-ден астам елордалық туберкулез жұқтырған - ДСМ
Былтыр 500-ге жуық елордалық туберкулез жұқтырған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева мәлімдеді.
Елордада 2022 жылы туберкулез бойынша барлығы 452 жағдай тіркелді. Бұл өткен 2021 жылмен салыстырғанда аурушаңдық күйінің 456 жағдайға төмендегенін көрсетеді, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Айтуынша, 2022 жылы бактерия бөлу көрсеткіші біршама көбейген.
Былтыр сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 34,2-ге және 2021 жылы 37,7 интенсивті көрсеткіш құрады. Сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші 0,9 пайызға төмендеді. Бірақ бұл ретте бактерия бөлу көрсеткіші 5,4 пайызға ұлғайды, - деді Жанна Пірәлиева.
Еске сала кетейік, әлемде жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі. Осыған байланысты елордада 23 ақпаннан 23 наурызға дейін туберкулездің алдын алу айлығы өткізілді.