Былтыр 410 адам құтқарылды – Отарғалымұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы елорда әкімдігінде өткен брифингте айтты.
Былтыр құтқару қызметі 5496 қызмет орындалды. Бұл шаралар кезінде 410 адам құтқарылып, 563 адам эвакуацияланып, 63 адамға дәрігерге дейін көмек көрсетілді. 731 ТЖ болды. Олардан 46 адам зардап шекті. Оның ішінде 21 адам қаза тауып, 25 адам медицина мекемелерге жатқызылды, - деді ол.
Отарғалымұлы атағандай, 2021 жылы қала аумағында болған төтенше жағдайдардың 718-і тұрмыстық және өндірістік өртке қатысы болды.
Өрттерде 11 адам қаза болып, 21 адам жарақат алды. Одан келген зардап көлемі 179 млн теңгеден астам соманы құрады. Қазіргі таңда өзекті болған мәселенің бірі – иіс тию дерегі. Былтырғы қорытынды бойынша иіс тиюден 50 адам зардап шекті, оның 36-сы бала, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Күніне 3000-нан астам қоңырау түседі – Жедел жәрдем қызметі
Өзгелердің жаңалығы