Былтыр 390 мың сәби дүниеге келді

Босандыру қызметінің мамандары 388 мың босануды сәтті қабылдады, 390 мың сәби дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылы 400 мыңға жуық әйел жүктілігі бойынша медицина қызметкерлерінің бақылауында болды. Бұл жағдайда дәрігерлер ауыр акушерлік және соматикалық асқынуларға байланысты өте ауыр жағдайдағы 1000-нан астам жүкті әйелді құтқара алды, - делінген хабарламада.

Медициналық авиация желісі бойынша 200 ұшу орындалды, 21 әйел жергілікті жерде операция жасалды, 190 әйел ауыр жағдайда облыстық, республикалық клиникаларға тасымалданды және құтқарылды;

Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихында алғаш рет ана өлімі көрсеткішінің 32%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.

Өткен жылы босандыру бойынша диагностика мен емдеудің 18 басым клиникалық хаттамасы бекітілді; босандыру қызметінің 2000-нан астам дәрігері және 3000 ОМҚ, 64 дәрігер Стамбұлда, 50 дәрігер Санкт-Петербургте оқытылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және "Аңсаған сәби" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылдан бастап 21 000 әйелге ЭКҰ өткізілді, нәтижесінде 8 000-нан астам әйел жүкті болып, 6 000-нан астам көптен күткен бала туды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы