Бұзақылар «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының Алтын қорын өртеп жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының ғимараты қалай зардап шеккені туралы мәлімет берді.

Бүгін Алматыда шабуылға шыққан белгісіз топ (террористік күштер) «Qazaqstan» Ұлттық телдеарнасының қалалық филиал ғимаратына өрт қойды. Камералар тоналып, «Алтын қор» қоймасы мен серверлер бөлмесі өртеніп кетті. Шабуылшылар жақында телевизия қайраткерлеріне (Кенжеболат Шалабаев, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Шерхан Мұртаза) қойылған ескерткіштерді толықтай қиратқан, – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Телерадиокорпорация ақпараты бойынша, қазір ғимаратта өрт сөндірілген.

Оқиға кезінде кеңседе болған заңгер жеңіл дене жарақатын алды. «Қазақстан телерадиокорпорациясы өзге әріптестері мен барша қазақстандықтарды сақ болуға шақырады, – деп хабарлады телерадиокорпацияның баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы