Бұзақылық жасағаны үшін істі болғандар қоғамдық жұмыс арқылы жазасын өтейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған.
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Талас аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар мәдени орындарды тазалауға жұмылдырылуда. Бұл азаматтар – аз мөлшерде есірткі сақтағаны, көпшілік орындарда ішімдік ішкені немесе ұсақ бұзақылық жасағаны үшін істі болғандар.
Талас аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы әділет майоры Дархан Жақсыбековтың айтуынша, істеген ісін мойнымен көтеріп, қоғам үшін пайдалы жұмыс жасауға арланбайтындар түзелуге тез бейімделеді екен.
Жалпы, соттың шешімімен осындай жазаға тартылған адамдарға негізінен тағайындалатын жұмыстар – көше тазалау және безендіру. Сондай-ақ, олар жазда қоқыс жинап, қыста қар тазалайды. Қоғамға қауіп төндірмейтін жеңіл-желпі заң бұзушыларды түгелдей қапасқа тоғыта бергеннен гөрі, осындай жұмыстарға жұмылдырған дұрыс. Ол қоғам үшін де, жазықты адамның өзі үшін де пайдалы. Себебі, жасаған қылмысы үшін өкінген адам екінші рет шалыс баспауға тырысады. Осылайша, қоғамның керегіне жарап, түзелуге тез бейімделеді, - дейді Дархан Жақсыбеков.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚХП партиясы Алматыда флешмоб ұйымдастырды
Өзгелердің жаңалығы