БҰҰ: Жыл басынан бері Иордан өзенінен 1000-нан астам палестиндік қоныс аударған

Жыл басынан бері Иордан өзенінің Батыс жағалауының оккупацияланған аумағындағы "С" аймағында 1000-нан астам палестиндік Израиль тарапынан тұрғын үйлердің бұзылуы салдарынан қоныс аударуға мәжбүр болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак күнделікті баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Хак БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының деректеріне сүйене отырып, "жыл басынан бері Батыс жағалаудың шамамен 60 пайызын құрайтын, құқық қорғау қызметі, жоспарлау мен құрылыс салаларында Израиль іс жүзінде толық бақылауға ие болып отырған “С” аймағынан 1000-нан астам адам көшірілді" деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, қоныс аударған палестиндіктердің басым бөлігі Израиль билігі жүргізген үй сүру жұмыстары салдарынан баспанасынан айырылған. Бұл сүрулер, әдетте, палестиндіктер үшін алу іс жүзінде мүмкін емес құрылысқа рұқсаттың жоқтығы сылтау етіліп жүзеге асырылады.

Фархан Хактың сөзінше, мұндай ауқымдағы қоныс аудару 2009 жылдан бері тіркелген «жылдық көрсеткіштер ішіндегі екінші ең жоғары деңгей» болып отыр. Ол сондай-ақ жыл басынан бері жерлері тартып алынған палестиндіктерге израильдік қоныстанушылар тарапынан жасалатын шабуылдардың жиілегеніне назар аударды.

Біз Батыс жағалаудағы, соның ішінде Шығыс Иерусалимдегі палестин халқының қорғалуын қамтамасыз етуді, жазалау сипатындағы және өзге де заңсыз сүрулерді тоқтатуды, сондай-ақ қоныстанушылар тарапынан жасалатын шабуылдардың алдын алуды талап етеміз, – деді Хак.

"Рұқсат жоқ" деген сылтаумен палестин үйлерін сүру

Израиль билігі оккупацияланған Иордан өзенінің Батыс жағалауында және Шығыс Иерусалимде палестиндіктерге тиесілі құрылыстарды «заңсыз» деп танып, жүйелі түрде сүреді.

Израиль тарапы «С» аймағында палестиндіктердің құрылыс және ауыл шаруашылығы қызметіне кедергі келтіретіні, ал бұл аумақта құрылысқа рұқсат алу олар үшін іс жүзінде мүмкін еместігі атап өтіледі.

1995 жылы Израиль мен Палестина әкімшілігі арасында қол қойылған "Екінші Осло келісіміне" сәйкес, Батыс жағалау "A", "B" және "C" аймақтарына бөлінген.

Аумақтың шамамен 18 пайызын қамтитын "A" аймағы Палестинаның әкімшілік және қауіпсіздік бақылауында болса, 21 пайызды алып жатқан "B" аймағында әкімшілік басқару Палестинаға тиесілі, ал қауіпсіздік бақылауын Израиль жүзеге асырады. Ал аумақтың шамамен 61 пайызын құрайтын "C" аймағы толықтай Израильдің әкімшілік және қауіпсіздік бақылауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы