БҰҰ ядролық державаларды қарусыздануға қайта оралуға шақырды
БҰҰ-ға мүше елдер, әсіресе ядролық державалар, ядролық қарусыздануға және халықаралық шиеленісті азайтуға қайта оралуы керек. Бұл туралы ұйым басшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл шара әлемдегі қауіп-қатер деңгейін төмендетіп, «Қиямет күні сағатын» ядролық түн ортасынан кем дегенде 86 секундқа алыстатуға мүмкіндік береді.
27 қаңтарда Bulletin of the Atomic Scientists журналы ғалымдарының бейнеконференциясында ақырет күнінің символдық сағаты ядролық түн ортасына төрт секундқа жақындатылды. Бұл сағат адамзаттың жойылу қаупін көрсететін символ ретінде 70 жылдан астам уақыт бойы әлемдік қауымдастыққа қауіп туралы ескерту жасайды.
Сағаттың көрсеткіштері ядролық қауіп-қатер, әскери қақтығыстар, климаттық өзгерістер, кибер соғыстар мен биотерроризм сияқты факторларға байланысты өзгереді. 1940-жылдардың басында Bulletin of the Atomic Scientists журналын Манхэттен жобасына қатысқан ғалымдар құрған. Журнал 1945 жылдан бастап Чикаго университетінде жарық көріп келеді.