БҰҰ: украиналық босқындар саны 10 миллионға жетті
2025 жылы Украинадағы соғыс салдарынан 122 мың адам үйлерін тастап, қоныс аударуға мәжбүр болды. Соғыстың басталғанынан бері украиналық босқындар саны 10 миллионға жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
OCHA мәліметі бойынша, көп жағдайда бұл майдан шебімен шектесетін аймақтардағы әйелдер, балалар мен қарт адамдар. Соғыс басталғаннан бері жүздеген мың әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғын қаза тауып немесе жарақат алған.
Фронт облыстарының мыңдаған тұрғындары гуманитарлық көмектен айырылған. Донецк облысының Покровск және Мирноград қалаларында әлі шамамен 1 500 адам, негізінен қарттар мен мүгедектер, суға, электр қуатына және медициналық қызметке тұрақты қол жеткізе алмай отыр. Лиман қаласында жалғасып жатқан шайқастар салдарынан 3 000-ға жуық адам гуманитарлық көмекке қол жеткізе алмай отыр.
Балалар ең осал топқа жатады: көптеген кәмелетке толмағандар бірнеше рет мәжбүрлі түрде қоныс аударған, ал кейбіреулері қақтығыс аймақтарына жақын жерде қалып, мектептерін, үйлері мен ауруханаларын қиратып жатқанын көрген.