БҰҰ: Түркияда 210 млн тонна үйінді тазартылады
Түркиядағы зілзалалар кезінде қираған ғимараттардың орнында 210 миллион тонна үйінді қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ арнасына сілтеме жасап.
Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының өкілдері есептеп шығарған. Мамандар осы қоқысты тазартып, жинау үшін көлемі 30 шақырымнан, ал биіктігі 3 метрден кем емес арнайы аумақ керек.
Бұл ел тарихында жер сілкінісінен кейін қалған ең үлкен қиранды қалдығы.
Салыстыру үшін айта кетсек, 1999 жылы болған жойқын зілзала кезінде 13 миллион тонна үйінді жиналған. Табиғи апаттардың салдарынан 43 мыңнан астам адам опат болып, 1 жарым миллион тұрғын баспанасыз қалған. Оларды орналастыру үшін кемінде 500 мың жаңа үй салынуы тиіс.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Nauryz» Ұлттық телехикаялар бәйгесіне өтінім қабылдау басталды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы