9 Қыркүйек 2026, 03:40 Фото: depositphotos.com

БҰҰ Трамптың Ай туралы мәлімдемесіне пікір білдірді

АҚШ президенті бұл мәлімдемесіне қатысты қосымша түсініктеме берген жоқ.

БҰҰ АҚШ президенті Дональд Трамптың Айды америкалық меншік деп атаған мәлімдемесіне пікір білдірді.

ТАСС мәліметінше, БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик брифинг барысында ұйымның ғарышты бейбіт мақсатта игеру ұстанымын қолдайтынын мәлімдеді.

«Біз ғарышты бейбіт жолмен игеруге сенеміз», – деді Дюжаррик Трамптың мәлімдемесіне қатысты қойылған сұраққа жауап беріп.

Бұған дейін Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Айдың суретін жариялап, оған «Ай – біздікі» деген жазба қалдырған. АҚШ президенті бұл мәлімдемесіне қатысты қосымша түсініктеме берген жоқ.