БҰҰ сарапшылары әлемде әлі «пандемия дәуірі» бойлайтынын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ сарапшылары жаңа пандемия туындау қаупі жоғары екенін ескертті. Олар әлемде әлі зерттелмеген 1,7 млн вирус бар екенін айтты. Оның тең жартысы адамдарға жұғып, жаңа аурудың таралуына септесуі мүмкін, деп хабарлады IPBES.

COVID-19 пандемиясы «испан» тұмауынан кейінгі алтыншы пандемия. 1918-1920 жылдары бұл ауру салдарынан 50-ден бастап 100 млн-ға дейінгі адам ажал құшқан еді. Пандемияның барлық жағдайында оған жануардан адамға берілетін вирус себепкер болды.

Ғалымдар атап өткендей, адамның іс-әрекеті ғаламшардағы «пандемия дәуіріне» әкеліп соқтыруы мүмкін. Зоонозды аурулардың, яғни жануарлардан жұғатын аурулардың үштен бірі ормандарды шабумен және адамдар мен жабайы табиғатпен қарым-қатынасының ұлғая түсуімен байланысты. Бұзылған экожүйеде жарқанаттар мен егеуқұйрықтар белсенді түрде көбейеді. Өздеріңізге белгілі олар түрлі инфекцияны тасымалдайды.

БҰҰ сарапшыларының сөзінше, жылына шамамен бес түрлі ауру көзге көрінетін кедергіден өтіп, адамға қауіп төндіре түседі. Мақалада айтылғандай, «олардың әрқайсысы таралып кетіп, пандемияға айналып кете алады».

Болашақта ауру таралуының алдын алу үшін адамзат ормандардағы ағаштарды кесіп тастау, жабайы аңдарды үйде бағу және сату тәрізді табиғи жаратылыстың жоғалуына әкеп соғатын әрекеттерін азайту керек дейді мамандар. Айтуынша, соның арқасында адам шығынының және экономикалық залалдың алдын алуға болады.

Сарапшылар COVID-19 пандемиясының жаһандық құны 2020 жылдың шілдесінде шамамен 8-16 трлн долларды құрағанын айтты. Оның ішінде 5,8–8,8 трлн доллары әлеуметтік арақашықтық пен саяхаттауға қойылған шектеулермен байланысты. Батыс Африкадағы 2014 жылғы Эбола эпидемиясы салдарынан 52 млрд доллар, ал Оңтүстік Америка мен Кариб бассейніндегі Зика безгегі 6-17 млрд доллар шығын әкелген екен.

Болашақта әлемді күтіп тұрған аурулар жылына 1 млрд доллар шығынға ұшыратуы мүмкін делінген мақалада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы