БҰҰ құрылымы Қазақстанның цифрлық әлеуетін жоғары бағалады
Кездесу барысында Е.Ашықбаев жоба тұжырымдамасының негізгі бағыттарын таныстырып, Орталықтың стратегиялық мақсаттары мен қызметінің басымдықтарына тоқталды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ғимаратында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Алматы қаласында БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АзТМЭӘК) жанындағы Орнықты даму үшін цифрлық шешімдер орталығын (ЦШО) құру жөніндегі жұмыс тобының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмыс тобының сапарының басты мақсаты – Қазақстанның инфрақұрылымдық әлеуетін зерделеу, цифрлық технологиялардың даму деңгейін бағалау және елдің болашақ Орталықты орналастыруға институционалдық дайындығын талдау.
Кездесу барысында Е.Ашықбаев жоба тұжырымдамасының негізгі бағыттарын таныстырып, Орталықтың стратегиялық мақсаттары мен қызметінің басымдықтарына тоқталды. Әсіресе қаржыландыру тетіктері мен институционалдық рәсімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар тәуелсіз сараптамалардың нәтижелерімен бөлісіп, болашақ құрылымның институционалдық моделі мен функционалдық рөлін талқылады.
Жұмыс тобының төрағасы, Франсиско Тилман Сепеда және АзТМЭӘК-тің Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және апат тәуекелдерін азайту бөлімінің директоры Киёнг Ко Қазақстандағы цифрлық технологиялардың даму деңгейіне жоғары баға беріп, елдің цифрлық трансформация саласындағы ілгерілеуін атап өтті.
Кездесу Қазақстанның сыртқы саясатындағы цифрлық күн тәртібін жан-жақты талқылауға мүмкіндік беріп, елдің АзТМЭӘК аясындағы өңірлік бастамаларды іске асыруға белсенді қатысуға дайын екенін растады.
- Ғалымдар тозған жайылымдарды қалпына келтіретін технология ойлап тапты 09:49
- Қазақстанда заңсыз еңбек еткен 3,8 мыңнан астам шетелдік анықталды 09:09
- Жалған аккаунттар көбейді: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырды 08:54
- Алматыда роботакси таныстырылды 08:42
- Әлеуметтік желіге қатаң тыйым: Ұлыбритания жаңа заң қабылдамақ 08:32
- ӘЧ – 2026: Тағы үш матч тең аяқталды 08:11
- БҚО-да үш көлік соқтығысып, екі әйел көз жұмды 07:48