БҰҰ қауіпсіздік кеңесі шұғыл бас қосады

Ертең БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл бас қосады. Бұған АҚШ-тың Венесуэлада жүргізген әскери операциясы себеп, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық қауымдастық оңтүстік америкалық елдегі тұрақсыз ахуалға алаңдаулы. Еске салайық, Құрама Штаттардың қарулы күштері Каракасқа басып кіріп, Николас Мадуро мен оның әйелін тұтқындап, бүгін Нью-Йорктегі есірткімен қарсы күрес жөніндегі басқарма ғимаратына жеткізді.

Соңғы мәліметке қарағанда, Мадуроға қатысты сот 5 қаңтарда өтуі мүмкін. Ол есірткі саудасымен айналысты деп айыпталып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір Венесуэлада уақытша президент тағайындалды.

Мемлекет басшысы міндетін атқару вице-президент Делси Родригеске тапсырылғанын жазған болатынбыз. Тиісті шешімді Венесуэла Жоғарғы соты қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы