БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қатысты қарар жобасын қолдамады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қарсы санкцияларды қалпына келтіруді алты айға кейінге қалдыруды көздейтін қарар жобасын қабылдамады, деп хабарлайды BAQ.KZ Интерфакске сілтеме жасап.

Құжатты Ресей мен Қытай бірлесіп дайындаған еді. Дауыс беру нәтижесінде Кеңестің төрт мүшесі құжатты қолдады, тоғыз мемлекет қарсы шықты, ал екеуі қалыс қалды.

Биылдың басында «еуротройка» (Франция, Ұлыбритания және Германия) Иран ядролық бағдарламасы бойынша бұрынғы келісімдерді бұзды деп есептеп, санкцияларды қалпына келтіру тетігін іске қосқан болатын.

19 қыркүйекте де БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шектеу шараларын тоқтата тұруға жол бермейтін құжатты қабылдамаған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы