БҰҰ: Өзін-өзі анықтау құқығы Қырым мен Донбассқа қолданылмайды

БҰҰ хатшылығы Қырым мен Донбасс жағдайында халықтардың өзін-өзі анықтау құқығы қолданылмайтыны жөнінде қорытындыға келді. Бұл туралы Дүниежүзілік ұйымның Бас хатшысы Антонио Гутерриш айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Біздің заң департаментіміз мұқият зерттегеннен кейін біз Қырым мен Донбасс жағдайында өзін-өзі анықтау принципі қолданылмайтынын ұсындық, - деді Гутерриш.

Ол атап өткендей, БҰҰ хатшылығы бұл жағдайларда «аумақтық тұтастық принципі басым» деп санайды.

Айта кетейік, Қырымның Ресейге қосылуы 2014 жылы өтті, алайда АҚШ пен Украина Қырым мен Севастопольдегі референдум нәтижелерін мойындамаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Andrew Kelly/Reuters
Өзгелердің жаңалығы