БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары елордалық студенттерге дәріс оқиды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

16-17 наурыз аралығында БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрктің Астана қаласына жұмыс сапары өтеді. Фолькер Тюрктің Мемлекет және Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен, сондай-ақ, Адам құқықтары жөніндегі уәкілімен кездесулері жоспарлануда, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі. 

Айтуынша, мейман елдегі жоғары оқу орындарының бірінде дәріс оқиды. 

Сонымен қатар, жоғарғы комиссар биыл аталып өтетін Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік деклерацияның 75 жылдығына және Іс-қимыл жоспары бойынша Вена декларациясының 30 жылдығына арналған Қазақ Мемлекеттің Заң Университетінде дәріс береді. 17 наурызда БҰҰ-ның ғимаратында сапардың нәтижелері бойынша қорытынды баспасөз брифингі өтеді, - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, бұған дейін 16 наурызда Анкарада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымында қандай тақырып талқыланатыны туралы жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев
Өзгелердің жаңалығы