Малиде БҰҰ-ның 18 бітімгері зымыран соққысынан жарақат алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тессалит елді мекеніндегі әскери базада БҰҰ, Франция және Малидің өкілдері орналасқан.

Африка құрлығындағы Мали елінің солтүстігінде белгісіз біреулер БҰҰ бітімгерлерінің әскери базасына зымыранмен шабуыл жасады. Кем дегенде 20 адам зардап шекті, оның 18-і – бітімгерлер. Бұл туралы 9 қаңтарда Малидегі БҰҰ миссиясының өкілі Оливер Сальгадо Reuters агенттігіне хабарлады.

Агенттіктің ақпаратына қарағанда, алты адам ауыр жарақат алған. Тессалит елді мекенінде орналасқан базада БҰҰ, Франция және Малидің өкілдері орналасқан.

Әзірге жағдай туралы нақты ақпарат жоқ. Атысты ешкім жауапкершілікке алмады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы