БҰҰ: Ливандағы бітімгерлер қызметін жалғастырады

Ливанның оңтүстігінде орналасқан Біріккен Ұлттар ұйымының бітімгерлері қызметін жалғастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Израиль олардың кетуін өтінген болатын. Бірақ бітімгерлер күштерінің басшысы Жан Пьер Лакруа: "Біз міндетімізді орындамай қайтпаймыз",- деді. 

Бітімгерлердің негізгі миссиясы - екі елмен байланыста болу, бейбіт тұрғындарды қорғау, гуманитарлық көмектің қауіпсіз жеткізілуін қадағалау. Қазір Ливан мен Израиль арасындағы шекарада 50 елден келген 10 мыңнан астам әскер, 800-ге жуық маман қызметін өтеп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы