БҰҰ: Газаға гуманитарлық көмек жеткізу қиындады

Газа секторында жалғасып жатқан қақтығыс салдарынан аймаққа гуманитарлық көмек қажетті көлемде жеткізілмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

 БҰҰ-ның өкілі Стефан Дюжаррик осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Керем-Шалом шекара өткелі арқылы жөнелтілген жүктің жартысынан көбі аймаққа кірмей жатып, жолда тоналып, талан-таражға түседі. 

Бұған дейін 40 мың жүк көлігінің тек 26 мыңы өңірге жеткізілген. Ұйым өкілдері бұл мәселенің қатаң бақыланатынын айтып, гуманитарлық көмекті ұлғайтуды тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы