БҰҰ: Газа секторын қалпына келтіруге 70 миллиард доллар қажет

Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық одақ және Дүниежүзілік банк бірлесіп жүргізген жедел залал мен қажеттіліктерді бағалау нәтижесіне сәйкес, Газа секторын қалпына келтіруге шамамен 70 миллиард доллар қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҰҰ өкілі мәлімдегендей, Еуропа мен араб елдері, сондай-ақ Канада мен АҚШ бұл соманың бір бөлігін қаржыландыруға дайын екенін білдіріп отыр.

Біз бірқатар серіктестерімізден, соның ішінде еуропалық әріптестеріміз бен Канадан, өте оң жаңалықтар алдық, – деді БҰҰ өкілі баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта АҚШ-пен де осы бағытта келіссөздер жүргізілуде.

БҰҰ сарапшыларының пікірінше, Парсы шығанағындағы мұнайға бай араб мемлекеттері Газа секторын қалпына келтіруге қаржылай көмек көрсетуге дайын болуы мүмкін. Сондай-ақ Египет бұл үдеріс үшін «логистикалық база» ұсынуы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Anadolu Agency
Өзгелердің жаңалығы