БҰҰ COVID-19 бойынша күресте Солтүстік Кореяға көмектесуге әзір

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Бас хатшысы өкілдігінің орынбасары Фархан Хак халықаралық ұйым Солтүстік Кореяға осы елде коронавирустың өршуіне байланысты көмектесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол БҰҰ Жаңалықтар қызметінің сұрағына осылай деп жауап берді.

Біз КХДР-да коронавирустың өршуін алаңдаушылықпен сырттай бақылап отырмыз. Біз індет туралы әлі ресми ақпарат алған жоқпыз, бірақ КХДР өкілдерімен осы мәселе бойынша байланыс ұстап отырмыз. Гуманитарлық серіктестерімізбен бірге біз КХДР-ға коронавирус жағдайында және басқа да мәселелер бойынша көмектесуге дайынбыз, деді, – БҰҰ Бас хатшысы өкілдігінің орынбасары Фархан Хак.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы