БҰҰ бітімгерлік миссиясына қатысқан әскерилерге 1000 доллардан төленеді
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне баратын әскерилерге қанша теңге төленетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ең алдымен Қазақстанға дербес бітімгерлік миссиясының берілуі біздің елдің әлемдік аренадағы беделін көрсетеді. Бұл Қарулы Күштердің атқарып жатқан қызметін де көрсетеді. Алғаш рет Голан биіктігінде жүзеге асыратын дербес бітімгерлік миссия болмақ. Ротаның құрамына 139 әскери қызметші кіреді. Әскерге шақырылған сарбаздар оның қатарында жоқ. Тек қана кәсіби әскерилер мен келісімшарттағы офицерлер, олардың барлығы толық оқытудан өткен, - деді министр.
Жақсылықовтың сөзінше, халықаралық заңнама бойынша барлық бітімгерлік қызмет БҰҰ ұйымының тәртібі бойынша базаланады. Министр құрылымды қамтамасыз ету бойынша талаптар орындалғанын айтты.
Халықаралық комиссия келіп тексеріп, рұқсат берді. Олар дайындықты өте жоғары бағалады. Бітімгерлікке іріктелген әскерилер жоғары моральдық-іскерлік қасиеті бойынша таңдалды. Ол денсаулық жағдайы, әскери тәртіп, әскери қызметші ретінде жеке дайындығы, тілді білу дәрежесі мен заңнамалық қабылдауы да бар, - деп түсіндірді Қорғаныс министрі.
Министрдің сөзіне қарағанда, бітімгерлік қызмет бір жылға созылады. Бітімгерлік миссияға әскерилер наурыздың басында аттанады. Әрбір әскери қызметкерге бітімгерлік миссияға қатысқаны үшін ай сайын бір жыл бойы 1000 доллардан аса (451 871 теңге – 19 қаңтардағы курс бойынша) қаржы төленеді. Ал әскер мен қару-жарақтарды тасымалдауға 8 млн доллар (3 614 968 000 теңге – 19 қаңтардағы курс бойынша) кетеді.