БҰҰ бастамасы – қазақстандық жастар үшін үлкен мүмкіндік

БҰҰ-ның тегін онлайн-курстары жастардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінде қазақстандық шығармашыл жастар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алу үшін бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерге ие болып отыр. Мемлекет, халықаралық ұйымдар және шетелдік серіктестер болашақ музыканттар, режиссерлер, суретшілер, дизайнерлер мен өнертанушылар үшін жаңа білім кеңістігін ашуда.

Осы мүмкіндіктермен қатар, жастар БҰҰ ұсынатын тегін онлайн-курстарды пайдалана алады. Олар білім көкжиегін кеңейтуге және абитуриенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолжетімді құралға айналып келеді. Мұндай бағдарламалар дәстүрлі білім беруді толықтырып, халықаралық деңгейде танылатын сертификаттар алуға мүмкіндік береді. Бұл сертификаттар жас буынның бастамашылдығын, жаһандық ойлауын және өзекті әлемдік мәселелерді шешуге дайындығын айғақтайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Өзгелердің жаңалығы