БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9-10 маусым аралығында Орталық Азия бойынша турне аясында БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Әмина Мұхаммед Қазақстанға тұңғыш ресми сапармен келеді, деп хабарлады Қазақстандағы БҰҰ баспасөз қызметі.

Сапар барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен, азаматтық қоғам ұйымдары, сондай-ақ БҰҰ-ның Қазақстандағы елдік тобымен кездесулер жоспарланған. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында болады, - делінген хабарламада.

Біріккен Ұлттар Ұйымы дамудың болашақ жоспарлары мен Үкіметтің тұрақты дамуға деген қарқынды ұмтылысы туралы көзқарасты дамыту үшін Қазақстанға арналған қолдауын тереңдетуде. БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесі құндылықтарға, адам құқықтарына негізделген сенімді серіктес болып қала береді. 

Ұйым жұмысы мемлекет пен қоғамдағы серіктестерге басқарудың ең қажетті кеңестерін, техникалық көмек пен ғаламдық желілерге қол жеткізуге бағытталған. Биыл Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелігінің 30-жылдығы атап өтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы