30 Тамыз 2026, 01:42
Фото: Michael Sohn / Getty Images
БҰҰ Бас хатшысы ядролық сынақтарды тоқтатуға шақырды
Сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың күшіне енуі үшін қажетті қадамдарды жеделдетуге үндеді.
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш ядролық қаруы бар мемлекеттерді ядролық сынақтарға қатысты қолданыстағы мораторийлерді сақтауға шақырды. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.
Сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың күшіне енуі үшін қажетті қадамдарды жеделдетуге үндеді.
Гутерриштің айтуынша, ядролық сынақтар мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіріп, жауап ретінде жаңа сынақтар өткізуге итермелейді және ядролық қару жарысын күшейтеді.
«Ядролық сынақтарды тоқтатуға деген міндеттемемізді қайта растайық», – деді БҰҰ Бас хатшысы.
Ол әлем енді ешқашан ядролық жарылысқа куә болмауы керектігін атап өтіп, ядролық қаруы бар елдерді сынақтарға тыйым салу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді нығайтуға шақырды.