БҰҰ Бас хатшысы ядролық қаруды толығымен жоюға шақырды

Гуттериш "бір қателіктің" кесірінен ядролық қару әлемді жойып жіберуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемдегі ядролық қаруды толығымен жоюға шақырды. Бұл туралы ол Нью-Йоркте өткен ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қатысушы елдер конференциясының ашылуында мәлімдеді. Оның айтуынша, ядролық қаруды қолдану қаупі қырғи қабақ соғыс кезіндегі деңгейге жеткен.

Қатерді азайту жеткіліксіз. Ядролық қаруды жою – бұл оның қолданылмайтындығының жалғыз кепілі. Біз осы орайда тынымсыз жұмыс істеуіміз керек, – деді Гутерриш.

Бас хатшы "бір қателіктің" кесірінен ядролық қару әлемді жойып жіберуі мүмкін екенін айтты.

Адамзат Хиросима мен Нагасакиге жасалған соққылардың салдары қандай болғанын ұмытайын деді. Геосаяси шиеленістер жаңа "биіктерге" жетті, – деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы