БҰҰ Бас хатшысы Трамптың Газадағы бейбітшілік жоспарын қолдады

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты реттеуге арналған бейбіт жоспарын қолдап, тараптарды оны орындауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Известияға сілтеме жасап.

БҰҰ Палестина, Израиль және бүкіл аймақ халықтары үшін бейбітшілік пен тұрақтылыққа ықпал ететін кез келген күш-жігерді қолдауда табанды, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Гутерриш араб және мұсылман мемлекеттерінің келісімге келуде және атысты тоқтатудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Ақ үйдің 29 қыркүйекте таныстырған 20 тармақтан тұратын жоспары Израиль әскерлерін Газадан шығару, кепілге алынған адамдарды босату және әскери қимылдарды тоқтатуды көздейді. Құжат бекітілген соң, шарттарды орындауға 72 сағат беріледі.

Египет, Иордания, Катар, Сауд Арабиясы, БАӘ, Түркия, Пәкістан және Индонезия бірлескен мәлімдеме жасап, жоспарға қолдау білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы