Бүгiн 2026, 08:32 Фото: Michael Sohn / Getty Images

БҰҰ Бас хатшысы Таяу Шығыстағы шиеленіске алаңдаушылық білдірді

Сондай-ақ БҰҰ басшысы тараптарды Ливан, Иран және Газа секторы аумақтарындағы атысты тоқтату режимін толық сақтауға және дипломатиялық күш-жігерге кедергі келтіретін қадамдардан аулақ болуға үндеді.

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта шиеленісуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, барлық тараптарды ұстамдылық танытуға және атысты тоқтату режимін сақтауға шақырды.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фархан Хак таратқан мәлімдемеде Гутерриш өңірдегі ахуалдың ушығуы тұрақсыздықты күшейтуі мүмкін екенін атап өткен.

Бас хатшы барлық тараптарды шабуылдарды дереу тоқтатуға, барынша ұстамдылық танытуға және жағдайды одан әрі ушықтыратын кез келген әрекеттен бас тартуға шақырады, – делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ БҰҰ басшысы тараптарды Ливан, Иран және Газа секторы аумақтарындағы атысты тоқтату режимін толық сақтауға және дипломатиялық күш-жігерге кедергі келтіретін қадамдардан аулақ болуға үндеді.