БҰҰ Бас хатшысы АҚШ пен Венесуэланы ұстамдылық танытуға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш АҚШ пен Венесуэланы ұстамдылық танытуға және жағдайды деэскалациялауға шақырды. Бұл туралы ұйым басшысының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бас хатшы жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол бермеуге назар аударады. Бас хатшы ұстамдылық танытуға және жағдайды дереу деэскалациялауға шақырады. Ол барлық тараптарды халықаралық құқық бойынша өз міндеттемелерін, соның ішінде БҰҰ Жарғысын және аймақта бейбітшілікті сақтау үшін қолданылатын басқа да құқықтық нормаларды орындауға шақырады, – деді ол.

Оның сөзінше, Гутерриш қазіргі жағдайды мұқият қадағалап, тиісті тараптармен байланыста болады.

Еске сала кетсек, АҚШ Венесуэла билігін есірткі контрабандасына қарсы белсенді күрес жүргізбеді деп айыптайды. Қыркүйектен бастап АҚШ әскери-теңіз күштері Кариб теңізінде кем дегенде 20 жылдам қайыққа соққы беріп, Gerald R. Ford атом тасымалдаушысы басқаратын кемелер тобын орналастырған. Осы операциялар кезінде 80-нен астам адам қаза тапқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay
Өзгелердің жаңалығы